Мысырда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 20 адам қайтыс болды

None
None
КАИР. ҚазАқпарат – Мысырдың оңтүстігінде автобус пен жүк автокөлігі соқтығысып, 20 адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аpnews.com-ға сілтеме жасап.

Асьют провинциясы губернаторы Эссам Саад (Essam Saad) мәлім еткендей, Мысыр астанасынан шыққан автобус жолды айналып өту кезінде Каирден 320 шықырым жерде орналасқан Асьют оңтүстік провинциясындағы жол торабында жүк автокөлігімен соқтығысып қалған. Нәтижесінде көліктер отқа оранады.

Оқиға орнында құтқарушы топтар жұмыс істеуде деп хабарланды. Апаттан зардап шеккендердің барлығы жақын жердегі ауруханаларға жеткізілеген.

Мысырда жыл сайын жол апатынан мыңдаған тұрғын қаза болады. Жол-көлік оқиғалараның негізгі себептері: жылдамдықты асыру, жол сапасының нашарлығы және жол қозғалысының ережелерін сақтамау.

Ресми статистикаға сәйкес, 2019 жылы Мысырда 10 мыңға жуық жол апаты тіркелген, нәтижесінде 3480 адам қаза тапқан.


Соңғы жаңалықтар