Мырзалин Азиада жүлдегерлеріне ақшалай сертификат тапсырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин Индонезияда өткен 18-ші Азиада ойындарының жеңімпаздарына ақшалай сертификат тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарада аймақ басшысы семсерлесуші Дмитрий Алексанин мен триатлоншы Аян  Бейсембаевтың жеңістері үшін алғысын білдірді.

«18-ші Азия ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізу арқылы сіздер Ақмола облысының мәртебесін асқақтаттыңыздар. Жанкүйерлеріңіз бен жаттықтырушыларыңыздың сенімін ақтай отырып Қазақстан спортының деңгейі жоғары екенін дəлелдедіңіздер», дей келе Мəлік Мырзалин спортшылар мен олардың бапкерлеріне алдағы жарыстар да толағай табыс тіледі.

null Шара барысында спортшылар мен бапкерлерге естелік сыйлық пен ақшалай сертификаттар тапсырылды.

Оның ішінде жекелей алтын, командалықта күміс медальға ие болған Д.Алексанин 2 миллион теңге, А.Бейсембаев 1 миллион теңге жəне олардың жаттықтырушылары Андрей Чурбаков пен Юрий Соловьев 750 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы құрамасы сапында болған ақмолалық 9 спортшы  баскетбол, бокс, велоспорт, триатлон, семсерлесу жəне бел күресі тəрізді спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті. 

Соңғы жаңалықтар