Мырзағалиев: Экологиялық төлемдер бюджетті толтыруға ғана аударылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кейбір өңірлер экологиялық төлемнен түсетін қаражаттың 10 пайызын ғана мақсатты жұмсайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғам өкілдері мен халықаралық сарапшылар экологиялық төлемдерден түсетін қаражаттың экологиялық мақсатқа жұмсалмайтынын жиі айтады. Расында да, экологиялық төлемдер қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау үшін емес, бюджетті толтыруға аударылып жатыр. Яғни ол қаражат көбінесе қоршаған ортаны жақсартуға бағытталмай жатады. Бюджетке экологиялық төлемдерден түскен қаражаттың 45 пайызын ғана жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны жақсартуға бөліп жатады. Ал кейбір өңір тіпті, бұл соманың 10 пайызын ғана бөледі», - деді Мағзұм Мырзағалиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халыққа онлайн есеп беру барысында.

Министрдің айтуынша, осыған байланысты жаңадан қабылданатын Экология кодексінің көмегімен экологиялық төлемдерден түсетін қаражатты толығымен қоршаған ортаны жақсартуға аудару жоспарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар