+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік берілмек

2020 жылғы 16 қыркүйек 11:04
Бөлісіңіз:
Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік берілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда үйдің қабырғасына Жәңгір ханның бейнесі салынды Түркістан ірі ұлттық қолөнер орталығына айналады Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосты

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңда музейлер мен кітапханалар іске асыруға құқылы ақылы қызмет түрлерінің тізімі және олардан пайда табу тәртібі қарастырылған. Тізім сол кезде мемлекеттік мекеме нысанында жұмыс істеген кітапханалар мен музейлерге құқық беру үшін заңға енгізілген болатын. Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, егер ақылы қызметтер құқығы салалық заңдарда көзделмесе коммерциялық емес болып табылатын мемлекеттік мекемелердің нысанында құрылған ұйымдардың бұндай қызметке құқығы жоқ», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Алайда, министрдің айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның көптеген музейлері мемлекеттік кәсіпорынға айналған. Осы орайда, қолданыстағы заңда музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беретін норма кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсету аясын шектеп отыр.

«Осыған орай заң жобасында осы норманың қолданылуын мекемелер түрінде құрылған ұйымдарға ғана қолдану ұсынылып отыр. Кәсіпорындар «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарының аясында іске асыратын болады. Сонымен қатар, осы заң жобасы аясындағы ең маңызды нормаларының бірі, ол мемлекет 100 пайыз қатысатын ұйымдарды жекешелендіруге тыйым салатын түзету болып табылады», -деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT