Музейде кей жағдайда фототүсірілім үшін ақы талап етілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қандай жағдайда музей ішіндегі фототүсірілім үшін ақы талап етілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР мәдениеті туралы заңға сәйкес, қай ұйым болса да біздің мәдени құндылықтарымыз бен мұрамызды толық тамашалай алатындай жағдай жасауы керек. Мәдениет туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік мұражайлар мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметінен тыс жұмыстарды жүргізіп, тауарлар мен қызметтерді сатуға құқылы. Яғни, олар жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша міндетінен тыс қызметтер үшін төлем алуға құқылы. Әрине, бүгін де министрлікке ведомстволық бағынышты ұйымдарда бейнежазбалар өзара келісім бойынша немесе келіссөздерге сәйкес жүргізіледі», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша фототүсірілім тегін жүргізіледі.

«Бұл бағытта біз жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының ведомстволық бағынышты ұйымдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің ұстанымымыз: мәдени мұраларымыз, музейлеріміз, театрларымыз халқымыз үшін толық қол жетімді болуы керек. Әрине, егер ақылы қызметтердің бағалары көрсетілген белгілі бір прейскурант болса, ол міндетті түрде ұсынылуы керек және оны өзара келісім бойынша жүзеге асыруға болады. Бірақ кез-келген жағдайда екіжақты мәміле болуы керектігін ескертеміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар