«Мұзбалақ» Израильде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Мұзбалақ» Израиль елінен «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сүйінгі жаңалықта өзінің Facebook-тегі парақшасында аталмыш туындының авторларының бірі Тілек Төлеуғазы жеткізді.

«Желтоқсанның 2-5 күндері аралығында Израильде өткен «NEAR NAZARETH FESTIVAL» фестивалінде «Мұзбалақ» фильмі үздік анимациялық фильм жүлдесіне ие болды», -деп жазды ол.

Айта кетейік, аталмыш анимациялық фильм 7-13 қазан аралығында Германияның Хемниц қаласында өткен 24-ші Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel кинофестивалінде Германияның анимациялық фильмдер институты (DIAF) тағайындаған «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды.

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін «Мұзбалақ» анимациялық фильмі бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Режиссерлері –Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.

Соңғы жаңалықтар