Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұрат Кәрібайұлы Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Ақорданың ресми сайтына Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.К. Бектановты тағайындау туралы

2021 жылғы 31 тамыз

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 31 тамыз

№ 649

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.


Фото:sarbaz.kz
Соңғы жаңалықтар