Мұрат Әйтенов Шымкенттегі бірқатар нысанды аралады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар нысанды автобуспен аралап, басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шаһар басшысы алдымен «Шымкент сити» қалашығына ат басын бұрып, 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың уақытылы әрі сапалы атқарылу керектігіне көңіл бөліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Бұдан соң қала әкімі Қажымұқан атындағы Орталық стадионға барып, спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмысының жобасымен танысты. Таскен шағынауданындағы спорт алаңшасының жоспарын көрді. Онда шаһардағы спорт нысандарының техникалық базасын нығайту жайы қозғалып, ол жергілікті дарынды жастарға үлкен қолдау әрі танылуына жол ашатыны туралы айтылды.
Келесі кезекте шаһар басшысы «Тассай» индустриалды аймағындағы «Азия Трафо» трансформатор зауытын аралап көрді.
Сондай-ақ, №2 Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының жөндеу жұмысымен, «Этноауыл» құрылысы жобасымен, Фосфоршылар сарайының күрделі жөндеу жұмыстарымен және Бадам өзеніндегі көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Шымкент қаласының әкімі іс-сапар аясында қарамағындағы шенеуніктердің басын қосып, қоғамдық көлікте жиналыс жасады. Қаланы автобуспен аралау барысында шаһар басшысы жол бойында кездескен проблемаларға қатысты жауаптыларға нақты тапсырма беріп отырды.
Соңында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жауапты басшыларға барлық құрылыс барысы қатаң бақылауында болатынын ескертіп, жұмыстардың сапалы орындалуы мен жоспарлы мерзімде аяқталуын назарында ұстайтынын атап өтті.
- Жаңа Алматы тұрғындарының мәселелерімен арнайы комиссия айналысады
- Бағдат Мусин Шымкент қаласын цифрландыру барысымен танысты
- «Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан баспана сатып алуға бола ма – Үкімет жауабы
- Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
-
2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр
-
Роман Скляр: Биыл «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің құрылысын аяқтау қажет
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам