+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мұрат Әйтенов мәжбүрлеп вакциналауға қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 24 маусым 13:56
Бөлісіңіз:
Мұрат Әйтенов мәжбүрлеп вакциналауға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықты вакциналау туралы онлайн жиында мектеп директорларын «қамшылау» туралы тапсырма берген орынбасарының әрекетіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда қазан айына дейін 747 мың адам вакцина алады Елордаға QazVac вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді Нұр-Сұлтанда тәулігіне 6 мың адам вакцина алып жатыр

«Біріншіден, ол маман жауапқа тартылатындай заңды бұзған жоқ. Ол – менің бірінші орынбасарым. Бұл туралы бәріміз білеміз. Оқиға бұқаралық ақпарат құралдарына жақсы таралды. Екіншіден, қазақтың «қамшы» деген сөзі әртүрлі мағынаны білдіреді. Ол тек қамшымен ұру деген сөз емес. Қамшылау деген бақылауға алып, тікелей тапсырма беру деген мағына да береді. Мен орынбасарымды шақырып, бұл мәселе туралы сөйлестім. «Қамшылау» дегенді қандай оймен айтқанын сұрадым. Ол бақылауға алу мағынасында қолданғанын түсіндірді», - деді әкім орталық коммункациялар қызметінде.

Мұрат Әйтенов қазір қалада вакцинация қарқынды жүріп жатқанын атап, қалаға жеткен алғашқы вакцинаны өзіне салғызғанын есе алды.

«Қазір жағдайды білесіз. Вакцина бәріне міндетті емес, бірақ вакина алуға шақыру – әкімшіліктің жауапкершілігі. Ертең азаматтар ауырып, басқа да қиын жағдайға ұшырап жатса, өкініш болады. Сол себепті қала тұрғындарына әлі де түсіндіріп жатырмыз. Вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Оның ағзаға ешқандай зияны жоқ. Шымкентке бірінші вакцина 1 ақпанда жеткізілген. Сол кезде өзім бірінші болып вакцина алғанмын. Қазір, құдайға шүкір денсаулығым бірқалыпты», - деді шаһар басшысы.

Әкімнің айтуынша, қазір вакцина алуға мүмкіндігі бар шымкенттіктердің 44 пайызы екпе қабылдаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT