+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Мұндай сайлау болған емес: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен әңгімелесті

2021 жылғы 27 шілде 15:40
Бөлісіңіз:
Мұндай сайлау болған емес: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен әңгімелесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты ШЫҰ-ның экологиялық проблемалар тізілімін тезірек бекіту қажет - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті. Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

– Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауылдарының игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT