Мұнайгаз саласының ғылыми-зерттеу институттарын ұзақмерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету қажет - Е.Огай

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мұнайгаз саласының ғылыми-зерттеу институттарын ұзақмерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету қажет.

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан  KazEnergy қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің отырысында техника ғылымының докторы Евгений Огай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, мұнай өндіруді 20-дан 40 пайызға жоғарылату қосымша қаржы салмай-ақ жылына мұнай көлемін 200-250 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық мұнай өндіруші компаниялардағы технологиялардың артта қалуының салдарынан пайдаланылып отырған кен орындарындағы мұнайдың өндірілуі төмен. Сондықтан қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарының зерттеулері ұзақмерзімді қаржыландырумен қамтамасыз етілсе, онда олар 3-5 жылдың ішінде мұнай өндіруді арттыру бойынша ұсыныстар жасап шыға алады.

«Қазақстанда қою мұнайдың қоры миллиард тоннадан астам деп бағаланады. Демек елімізге қазіргі заманғы зертхана қажет. Өйткені қазіргі уақытта мұнайдың барлық зерттеу жұмыстары шет елдерде жүргізіліп келеді», деді Е.Огай

Үйлестіру кеңесінің жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар және Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің, Әлемдік банк және ірі жер қойнауын пайдалантын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, « «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ, Shell Kazakhstan Development B.V.,   Lukoil Overseas Service Ltd., «Қазақстандық мұнай және газ институты» АҚ, «Olympex Advisers» ЖШС, Karachaganak Petroleum Operating B.V.  компаниялардың өкілдері қатысуда.

«KazEnergy» Қазақстан мұнайгаз  және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2005 жылы қарашаның 2-інде мұнай-газ, энергетикалық сектор компаниялары мен мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы диалогты дамыту, әлеуметтік ынталардың тиімділігін арттыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстанның жанар-жағармай және энергетикалық секторы тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру үрдісін тездету мақсатында құрылған.

Соңғы жаңалықтар