+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

2018 жылғы 12 сәуір 08:33
Бөлісіңіз:
Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,02 долларға дейін қымбаттап, бір баррель үшін 72,06 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 1,31 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 66,82 долларға жетті.

Еске салайық, кеше, 11 сәуір күні Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,39 долларға дейін қымбаттап, барреліне 71,04 долларға көтерілген еді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 2,09 долларға жоғарылап, бір баррельдің бағасы 65,51 доллар болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT