Мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлеміне мемлекеттік реттеу енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мұнай өнімдері нарығында артық делдалдарға тосқауыл қоюға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнай және мұнай өнімдері нарықтарында бәсекелестікті дамыту мәселесіне тоқталған Р. Ахметов, мұнай бағасын және оны ішкі нарыққа жеткізу көлеміне мемлекеттік реттеуді енгізу жайында айтты.

«Бұл шоғырлануды төмендетудің алғашқы кезеңдерінде бағалардың тұрақтылығын және нарықтағы баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметін.

Сонымен қатар Р. Ахметов бірінші кезеңде тәуелсіз компаниялар өндіретін 5-10% көлемінде мұнайды биржада өткізу және мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығын 30%-ға дейін ұлғайт ұсынысын жеткізді. Бұл шағын тігінен интеграцияланған компаниялар мен тәуелсіз жеткізушілерді дамыту үшін қажет. Екі негізгі топ – СНПС және ҚазМұнайГаз нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуі тиіс.

«Нарықтың қолданыстағы құрылымынан мұнай өнімдерін көтерме саудада жеткізуші тұрғысындағы артық делдалдық буынды алып тастау. Бұл мұнай өнімдерін сақтау көлемі шегінде мұнай базаларына қатысты болмайды. Осылайша, нарықтардың шоғырлануы жағдайында артық делдалдың қызметіне заңнамалық түрде тыйым салу қажет. Егер біз басқа делдал буынды – мұнай жеткізушісін (алу-беруші) қалдырсақ, онда оған тікелей жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуын шектеу ұсынылады. Осы орайда біз мұнай өндіру, мұнай өнімдерін сақтау, өңдеу және өткізу инфрақұрылымы жоқ тұлғаларды нарықтан алып тастаймыз», - деді агенттік өкілі.

Юұдан бқлек ол мұнай өңдеу зауыттарында бірыңғай технологиялық циклды қалпына келтіру және оларды бөлшектеуге тыйым салуды белгілеуді айтты. Осы және басқа да мәселелер тауар нарықтарын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияға шығарылмақ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Р. Ахметов Қазақстанда ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын реттеу бар екенін айтты .


Соңғы жаңалықтар