Мұнай және газ саласындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға қатысты екі бастама бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі бастама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысы аясында көмірсутек шикізаты және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін (ТЖКҚ) сатып алудың жалпы көлемі шамамен 5,4 трлн теңге болды. Сонымен қатар, отандық қамту аталған сатып алуда 46 пайызды құрады. Пандемия кезінде жергілікті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау аясында жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру әрі уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушыларға қазақстандық тауарларды конкурстық рәсімдерді өткізбестен, бір көзден сатып алуға мүмкіндік берді», - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Министрлік мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі бастаманы жүзеге асырып отыр:

біріншісі – Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру, соның ішінде отандық IT әзірлемелерін ілгерлету;

екіншісі - Халықаралық мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі орталық құру.

«10 жыл ішінде еліміздің жалпы ішкі өніміне Қор қызметінің оң әсері шамамен 642 млн АҚШ долларын құрайтын болады, ал Халықаралық орталық 3 ірі Оператордың (НКОК, КПО және ТШО) қажеттілігі үшін сервистік компаниялардың/ жергілікті өндірушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен жеткізуде кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді», - деді Н. Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар