Мұнай сервисі компанияларынан 3500 адам жұмыстан босатылған – Энергетика министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта кейбір мекеме басшылары «алдағы уақытта жұмыс болмауы салдарынан жұмысшыларымыз бос қалуы мүмкін» деген уәж айтуда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен Үкіметтік комиссия мұнайлы өңірлерге барғанда қаралған ең басты мәселе – мұнай-газ саласында қызмет атқаратын, мұнай өндіретін компанияларда адам санын қысқартпау жөнінде болды. Жергілікті әкімдіктер мен министрлік арасында бірлесіп қабылдаған іс-шаралар жоспарына сәйкес қазіргі таңда бұл мәселе бақылауда. Жоспарға сәйкес жұмыс атқарылып жатыр», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұнай сервисі компанияларынан 3500 адам жұмыстан босатылған.

«Әрине, мекеме басшылары «Алдағы уақытта жұмыс болмауы салдарынан біздің жұмысшылар бос қалуы мүмкін» деген уәж айтуда. Дегенмен бірлесіп қарап, жоғарыда аталған мұнай-газ саласындағы сервистік компаниияларға, жалпы осы мәселеге қатысты мекеме басшыларының өзіндік құнды төмендетіп, бизнес процестерді оңтайландырып, бірігіп шешім қабылдау керек. Өз тарапымыздан біз бірігіп жұмыс істеуге әзірміз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар