Мұнай саласындағы қондырғылар өндірісін жергіліктендіру: Министр жоспармен бөлісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мұнай саласындағы қондырғылар өндірісін жергіліктендіру жоспарын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі келесі бастама – ағымдағы жылы құрылған Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы болып табылады.

Орталық жұмысының негізгі мақсаты – еліміздегі мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін жергіліктендіру. Ол үшін орталық жаңа өндірістер ашып, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, аталмыш орталық саладағы операторлардың ұсынысы бойынша үш түрлі тауардың өндірісін жергіліктендіруді қолға алған. Олар:

- Бекіту арматурасы (клапандар);

- Электротехникалық жабдық;

- Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика.

«Отандық өндірушілердің қажеттіліктері бойынша толық деректерге және тиісті мүмкіндіктерге талдау жүргізгеннен кейін қалған тауар топтары бойынша ұсыныстар енгізіледі», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар