Мұнай қымбаттады, «ҚазМұнайГаз» бюджетін қайта қарай ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай бағасының көтерілуіне байланысты бюджетін қайта қарастыра ма? Бұл сауалға бүгін ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылға арналған қазіргі бюджет мұнай бағасының барреліне 40 доллар мөлшерінде қалыпастырылған. Дегенмен, осы сәтте бюджетті қайта қарастыруды жоспарлап отырғанымыз жоқ. Бұл жыл ішінде орташа бағаның қандай деңгейде болатындығына қатысты жайттың айқын болмауына байланысты. Мұнай бағасының төмендеу ықтималдығын да жоққа шығармаймыз», - деді ол онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, 2021 жылдың бюджеті қалыптастырылған сәтте ОПЕК+ келісімі аясыда мұндай өндіруге шектеудің қандай болатындығы да белгісі еді.

«Сондықтан 2020 жылы қол жеткізген көрсеткіш деңгейінен мұнайды көбірек өндіреміз деп белгіледік. Соған орай мұнай өндіру жоспары да төмен болды. Бірақ, жекелеген еншілес ұйымдарымыз мұнай өндірудегі өзгерістерге байланысты өздерінің өндірістік бағдарламаларына түзетулер енігізуі мүмкін», - деді Дәурен Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар