Мұнай қоймасындағы жарылыс: 30-дан астам адам тірідей жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда Калабар еркін сауда аймағындағы мұнай  қоймасында жанармайдың өртенуі салдарынан 30 адам қаза тауып, тағы соншама адам түрлі дәрежедегі күйіктер алды. 

Бұл туралы Daily Post Nigeria басылымы хабарлады.

Жарылыс жұмысшылар нысандардың бірінде төгілген жанармайды контейнерлерге жинап жатқан кезде болған.

Куәгерлердің айтуынша, апаттың орын алуына төгілген жанармайға жақын жерде тұрып, темекі шеккен адам себепкер. Басқа нұсқа бойынша, жалын жұмысшылардың біреуі, жанармайдың бір бөлігін ұрламақшы болған сәтте лап етіп тұтанған. 

Соңғы жаңалықтар