+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Мұнай компаниялары дағдарыс алдында тұр – The Times

2020 жылғы 20 наурыз 15:41
Бөлісіңіз:
Мұнай компаниялары дағдарыс алдында тұр – The Times

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «2014 жылы мұнай бағасы құлдырағаннан кейін көптеген компаниялар пайда табу үшін жұмысын оңтайландырды. Ал бұл жолы қателесуге болмайды. Егер мұнай тасымалдаушы немесе алушы компаниялар шығынын мен инвестициясын қысқартатын болса, болашақ резервінде үлкен жырық пайда болады», - деп жазады The Times басылымы.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді Мұнай 25 доллар болса да, отандық компаниялар қызметкерлерін жұмыссыз қалдырмайды Мұнайдың әлемдік бағасы шамамен 60 пайызға арзандады

Басылымның жазуынша, өткен аптадағы Ресей мен Сауд Арабиясының арасындағы келіспеушілік кесірінен ОПЕК+ альянсы құлап, мұнай алудағы шектеу туралы келісім де орындалмайтын болды.

«Көпшілігі бензин мен басқа да жанармай бағасының төмендегеніне қуануы мүмкін. Дегенмен, мұнай компанияларын құқықтық жұмыстар күтіп тұр.

«Мұндай компаниялар қарыз бен капитал есебінен қаржыландырылады. Мұнай компанияларының қарызы түптеп келгенде жер қойнауындағы қорға байланысты. Ал мұнай бағасы құлдыраған сайын қордың да азаюынан банктер мен басқа да несиелендіру орындары қарызды жабуға кепілдік болмайтынына алаңдай бастайды», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, 2014 жылы мұнай бағасы құлдыраған кезде көптеген компаниялар төлем қабілеттілігінен айырылды. Бұл жолы да осы оқиға қайталануы мүмкін. Бұл мұнай өндірушілерге ғана емес, тасымалдау компанияларына да қатысты.

«Кей компаниялар төмен бағамен актив сатып алу мүмкіндіктеріне ие бола алады. Ал кейбіреуі қарыздарынан құтылу үшін активтерін сатып жіберуге мәжбүр болады. Дегенмен, мұнай бағасының тұрақсыздығынан компаниялар қандай да бір келісім жасауды әзірге тоқтата тұратыны анық», - деп жазылған мақалада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Мұнай,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT