Мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер атласы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер атласы жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын әзірлеу болашақта сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі. Нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылығы бар қарапайым қолданбалы құралға айналады. Мысалы, жаңа кәсіп – smart-field жүйелерін әзірлеуші, ол көмірсутектерін өндіру көрсеткіштерін арттыру мақсатында мұнай қабатын басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық және техникалық құралдар кешенін әзірлеуді көздейді. Бұл - мұнай-газ саласындағы тағы бір жаңа кәсіп «болашақ digital-технолог» кен орындарының өмірлік циклінн басқаруды автоматтандырудан тұратын мұнай-газ секторының тренді», - делінген хабарламада.

Атлас қазақстандық білім беру ұйымдарына (университеттер, колледждер) және мұнай-газ компанияларына жаңа білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша бірлескен қадамдарды жасауға мүмкіндік береді.

Тараптардың ынтымақтастығы трендтерді және олардың саладағы кәсіптердің трансформациясына әсерін анықтауға, таяудағы 10-15 жылға сұранысқа ие кәсіптер мен құзыреттерді анықтауға, сондай-ақ кадрларды даярлауға мүдделі саланың негізгі оқу орындары мен кәсіпорындарын көрсете отырып, жаңа кәсіптерді жергіліктендіру бағдарламасын айқындауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар