Мұнай бағасының келесі жылы да жоғары болатыны болжанды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) Brent маркалы мұнайдың бағасы 2023 жылы да жоғары болатынын болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Turan.az сайтына сілтеме жасап.

EIA хабарлауынша, 2022 жылдың екінші жартысында Brent мұнайының бағасы барреліне 103 доллар шамасында болмақ. Алайда ведомство болжамның нақты емес екенін, жалпы қара алтын бағасының Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың әсеріне байланысты болатындығын алға тартуда.

АҚШ Ресейде мұнай өндірудің ықтимал төмендеуін ескере отырып, нарық 2022 жылдың екінші тоқсанынан 2023 жылдың соңына дейін теңестіріледі деп санайды.


Соңғы жаңалықтар