Мұнай бағасының 7 пайызға төмендеуі теңгеге қалай әсер етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Еуропаның бірқатар елдерінде жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлемдік қаржы нарығының құбылуы байқалып отыр.

Мұнай бағасы күрт төмендеп, бір баррелі 63 долларға дейін түскен. Бұл жағдайдың теңге бағамының динамикасына қалай әсер еткенін Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 наурыздағы сауда сессияның қорытындылары бойынша мұнай бағасы 7 пайызға, бір баррелі үшін 68 доллардан 63,3 долларға дейін төмендеген. Мұнай бағасы өткен жылдың маусым айынан бері төмендеп келді. Бұған мұнайға деген сұраныстың баяу қалпына келу қаупі мен Еуропа және дамушы елдерде вакциналаудың әлі де төмен қарқыны сияқты бірқатар факторлар себеп болды. Мұнайға деген сұраныстың баяу қалпына келу қаупі инвесторлардың азиялық мұнай нарығында сатып алулардың төмендеуіне қатысты алаңдаушылығымен байланысты болып отыр. Қытайда мұнайды сатып алудың бәсеңдеуін қытайлық мұнай өңдеуші кәсіпорындардың ирандық мұнай экспортына қатысты санкцияларына қарамастан, оны сатып алуымен байланыстырып отыр», - деп атап өтті Н.Тұрсынханов.

Оның айтуынша, Еуропада, әсіресе Италия және Францияда Covid-19 оқиғаларының көптеп тіркелуі және еуропалық елдерде AstraZeneca вакцинасын қолдануды тоқтату себебімен вакциналаудың бәсеңдеуі жаңа карантин шектеулерінің енгізілуіне, тағы бір туристік маусымның өткізілмеуіне қауіп төндіріп отыр.


Соңғы жаңалықтар