Мұнай бағасы 66 доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,20 пайызға өсіп, баррелі үшін 66,02 долларды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі үшін 66 доллардан асқан соңғы дата – 2020 жылдың қаңтары еді.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 04:40-те Brent мркалы мұнайы баррелі үшін 66 долларға (+1,16%) саудаланған.

Сонымен бірге, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 62,43 долларға (+1,18%) сатылды.


Соңғы жаңалықтар