+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылған – министрлік

2020 жылғы 30 қараша 11:02
Бөлісіңіз:
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылған – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлердегі мүгедектердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР Еңбек министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері жүргізген тексерулер барысында 472 объектіде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған кезеңде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету салаларындағы объектілерде бұзушылықтарды анықтау бойынша барлығы 658 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 624 объектіде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан тексеру жүргізілді. Бұл ретте профилактикалық бақылау шеңберінде 459 тексеру жүргізілді, азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 199 тексеруге бастамашылық етілді.

Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 472 ұйғарым берілді, олардың 37-сі бойынша жалпы сомасы 9,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстанда барлығы 34 883 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бар, оның ішінде 34 509 объектіде жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру тұрғысынан паспорттау жүргізуді жоспарлап отыр. 2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша рәсім 34 279 объектіде жүргізілді.

Айта кету керек, 25 648 (75%) паспортталған объект қосымша бейімделуге тиіс. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың 24 939-ы бейімделді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT