Мумбайда нөсер жаңбыр салдарынан құрбан болғандар саны 33 адамға жетті

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның Мумбай мегаполисінде муссондық нөсер салдарынан ғимараттардың құлауынан қаза тапқандардың жалпы саны 33 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times of India-ға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оқиға болған жерде құтқару жұмыстары жалғасуда, құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін.

Жексенбі күні India TV телеарнасы 24 адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

Орталық үкімет пен Махараштра штатының (астанасы Мумбай) билігі қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына көмек беру жайлы жариялады.

Метеорологтардың айтуынша, Мумбайда өткен сенбі күні кешқұрымнан жексенбі күні таңертеңге дейін шамамен 200 мм жауын-шашын жауған. Нөсер салдарынан қаланың ойпатты аудандарында су тасқыны болған. Сел мен су тасқынынан Чембур, Вихроли, Бхандпур аудандарында ғимараттар құлады.


Соңғы жаңалықтар