Мүлкі жоқ адамдарға салық төлеу туралы қате ескертпе келген жағдайда кімге жүгіну керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүлкі жоқ адамдарға салық туралы қате ескертпе келген жағдайда кімге жүгінуге болады? Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Ссалық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс бабында осыған ұқсас жағдайлардың кездесіп тұрады. Кей жағдайда уәкілетті органдардан түзетілуі тиіс қате мәліметтер түсіп жатады. Ондайға жолыққан адамдар өзі туралы мәліметтерді түзеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінуге керек. Түзетілген мәліметтерді салық органдарына қайта ұсынсаңыз, салық инспекторы сізге тиесілі салықты қайта есептеп береді», – деді Дәулет Жарылғасынов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дәулет Жарылғасынов 2020 жылдан бастап жер мен мүлік салығын біріктірілетінін, көлік салығы әр жылдың сәуір айына дейін төлене бастайтынын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар