+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Мұхтар Тілеуберді ҚР Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

2020 жылғы 23 қазан 20:44
Бөлісіңіз:
Мұхтар Тілеуберді ҚР Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Әңгіме барысында СІМ басшысы сұхбаттасушыға ЕҚДБ-дағы президенттік кезінде жан-жақты қолдау көрсеткені және ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде тең төрағалық еткені үшін алғыс айтты. Министр С.Чакрабартидің баға жетпес тәжірибесі еліміздің одан әрі серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

М.Тілеуберді сұхбаттасушыны дипломатияны экономизациялау және COVID-19 жағдайында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде С. Чакрабарти Қазақстан Еуразия өңіріндегі капитал салу үшін ең тартымды елдердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жоспарланған өзгерістердің маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша жемісті диалог пен бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT