Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда дипмиссиясы аяқталған елшілермен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Испания, Италия және Израиль елшілерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, Испания Корольдігінің Елшісі Давид Карриедомен кездесу барысында министр М. Тілеубердінің биылғы 5-6 шілдеде Мадридке жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннермен жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.

Израиль мемлекетінің Елшісі Лиат Вексельман кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.

Соңында министр шетелдік дипломаттарға белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстап, олардың алдағы жұмысына табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар