Мұхтар Тілеуберді фин министрімен қос ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық даму министрі - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Вилле Скиннаримен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, тараптар саяси, инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан-Финляндия өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, телекоммуникация, цифрландыру, көлік логистикасы және медицина салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары айқындалды.

Іс-сапар барысында фин министрімен бірге «Nokia», «Kone», «Nurminen Logistics» және «Planmeca» сияқты Финляндия компанияларының басшылары келді.


Соңғы жаңалықтар