Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа ресми сапармен барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12-13 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Америка тарапының шақыруымен АҚШ-қа ресми сапары жоспарланған. Сапар аясында осы елдің мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Үкімет, АҚШ конгресі және Дүниежүзілік банктің ресми өкілдерімен кездесулер қарастырылған. Жоспарланған келісссөздер барысында екіжақты және өңірлік күнтәртіптегі кең ауқымды мәселелер талқыланатын болады», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар