Мұхтар Құл-Мұхаммед: ЕАЭО аясында қазақстандық кәсіпкерлерді шектеу азаймай тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуразиялық экономикалық одақтың проблемаларын көтерді. Оның айтуынша, Қазақстан тауарларын Ресейдің федералдық шенеуніктерінің қазақстандық кәсіпкерлерді шектеуі азаймай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл біздің Елбасының бастамасымен құрылған өте қажет экономикалық, тауарларды сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін, интеграцияны күшейтетін одақ. Сөйте тұра бұл одақтың проблемасы азаймай отыр. Дәл осы залда Сенат төрағасы болып отырған кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігіне бірнеше ескерту жасаған еді. Атап айтар болсақ, оның ішінде мынау одақтағы түрлі хаттамаларға жиі-жиі өзгерістер енгізіле береді. Қажетті болса да, болмаса да... Түсірілген өзгерістер екі елдің Парламентінің қос палатасы қарап, оларға біз үнемі толықтырулар енгізіп отырамыз. Сөйте тұра Қазақстанның көрші елдерге шығарылатын тауарларын сол елдегі федералдық шенеунік дәрежесіндегі адам тоқтатып тастайды», - деді сенатор Сенат отырысында.

Оның айтуынша, екі мемлекеттің басшысы қол қоятын болса, екі елдің Парламенті қарайтын болса, оны бір федералдық шенеунік тоқтатып тастаса, «мұның қандай заң болғаны».

Бұл сұраққа жауап берген Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов аталмыш мәселеге Сауда және интеграция министрлігі жауапты екенін айтып өтті.

«Олар – еуразиялық интеграцияны жүргізетін жетекші орган. Біз ЕАЭО-ның жұмысының саясиланып кетпеуіне жауаптымыз. Интеграция және экономикалық одақ мәселесі – тірі процесс. Кейбір мәселелерді алдын ала білу мүмкін емес. Жұмыс және келіссөз барысында қашан да жаңа жағдайлар пайда болып, заңға қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етіп жатады», - деді ол.

Аян Бекенұлы


Соңғы жаңалықтар