Мүгедектік бойынша бірқатар жәрдемақы қайта қаралады – Біржан Нұрымбетов
«Ұлттық жоспар шеңбердінде министрлік азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 80-нен астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізуді көздейді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге қатысты Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасында көрініс атпқан оннан астам тұжырымдамалық толықтыруларды қамтиды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның ішінде мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің өтемақы жарналарын енгізу, барлық бірінші топтағы мүгедек жандарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедек топтары бойынша бөлу, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектікті және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларды бірге алу құқығын беру, І-ІІ топ мүгедектігі белгіленген жағдайда 18 жастан асқан балалар үшін тұрғын үй кезегін сақтап қалу сынды маызды әлеуметтік нормалар бар.
Заң жобасы барлық сатыларынан өтті және жақын арада Парламентке енгізілетін болады.