+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы қашан беріледі

2021 жылғы 27 қыркүйек 18:42
Бөлісіңіз:
Мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы қашан беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктерге тапсырма берді

Үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі қашан енгізілетіні туралы сұралды.

«Аталған мәселеге қатысты заңды Сенат қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды. Алдағы уақытта қажетті заңға тәуелді актілерді қабылдау керек, яғни біз оларды даярлап қойдық. Менің ойымша, бір ай ішінде төлемді жасайтын боламыз. Осы бағыттағы қаражат бюджетте қарастырылған», - деді Серік Шәпкенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды.

Заң жобасының басты мақсаттарының бірі - мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың өзге де жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT