+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Мүгедек студентті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысқа қайта алынды

2019 жылғы 5 желтоқсан 17:28
Бөлісіңіз:
Мүгедек студентті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысқа қайта алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мүгедек колледж студентін аязды күні автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысына қайта кірісті. Бұл жайында «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көру қабілетіне байланысты мүгедектігі бар кәмелеттік жасқа толмаған колледж студентін түсіріп кеткен жүргізушіге қатысты жағдайды түсіндіргім келеді. Біз мән-жайды анықтау үшін тараптарды шақырдық. Кездесуге баланың туыстары, автобус паркінің директоры және жүргізуші келді. Мән-жайды анықтағаннан кейін баланың туыстары мен жүргізуші бір-бірін түсінді. Олар жүргізушіге кешірім жасады және әңгімелесу соңында әкімнен жүргізушіні жұмыстан шығару туралы тапсырмасын қайтып алуды өтінуге шешім қабылдады. Жүргіуші жұмысына қайта тұрды», - деді ол.

Сонымен қатар, ол бұл жағдай өзге жүргізушілерге де сабақ болуы тиістігін және міндеттемелеріне барынша жауапкершілікпен қарауға үйренуі қажеттігін атап өтеді.

«Аязды күндері қандай жағдай болса да ешкімді түсіріп кетуге болмайды. Ал жолаушылар жол ақысын уақытылы төлеуі қажет», - деді Бекмырза Игембердиев.

Еске салсақ, бұған дейін мүгедек студентті автобустан түсіріп тастау оқиғасы желіде қызу талқыланып, оған Астана LRT түсінік бергені туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, студентті автобустан түсіріп кеткен астаналық жүргізуші жұмыстан қуылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT