+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар жазаланады – Білім министрі

2021 жылғы 27 қыркүйек 17:34
Бөлісіңіз:
Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар жазаланады – Білім министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар тиісті жазасын алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендерге жауапкершілікті қатаңдату керек – министр Барлық маңызды тауар топтамасы бойынша қадағалау жұмыстары жүріп жатыр – Асқар Мамин Экологтарды Жайық өзені суының азюы алаңдатып отыр

Үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында мектеп мұғалімдерін санақ жүргізуге жұмылдыруға қатысты шағымдар туралы сұрақ қойылды.

Өз кезегінде А.Аймағамбетов санақ жүргізу мен басқа да мәселелер мұғалімге тән емес жұмыс болғаннан кейін, ондай тапсырма беруге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.Сондықтан бұл мәселеге қатысты расталатын фактілер болса, онда заң жүзінде тиісті жазасы бар. «Педагогтар мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, тиісті айыппұл ескерілген.

«Педагогтарды өзіне тиеселі емес жұмыстарға тартқаны үшін біраз директорлар жұмысынан босатылды, біраз әріптестерімізге тиісті шара қолдандық. Егер осындай фактілер шын мәнінде болып, олар расталып, бізге тиісті ақпарат келсе, онда қатаң шара қолданылады», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT