Мұғалімдер мен дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсету жалғастырылады – Үкімет басшысы
«Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына баса мән беріледі. Яғни тұрғын үйдің қолжетімділігі, қолайлы отбасылық-демографиялық жағдай, қолайлы экология, қолжетімді және сапалы білім беру және денсаулық сақтау жүйелері басты назарда болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік саясаттың жаңа деңгейін және Әлеуметтік кодекс әзірлеу қажет. Азаматтардың сауаттылық деңгейін, цифрлық білімін арттыру мақсатында Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын дайындау керек», - деді Премьер-Министр.
Оның атап өтуінше, алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәсілдері, әсіресе, ауылдарда қайта қаралады.
«Мұғалімдер мен дәрігерлерге және ғылым өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету жалғастырылады.Балабақшалар мен мектептердің құрылысы қарқынды жүргізіледі. Жолдау халықтың тұрмыс сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған», - деді Асқар Мамин.