+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мұғалімдер екі ай бойы біліктілік арттыруға арналған тегін курстан өте алады

2021 жылғы 15 шілде 12:10
Бөлісіңіз:
Мұғалімдер екі ай бойы біліктілік арттыруға арналған тегін курстан өте алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігінде мектеп педагогтері үшін тегін цифрлық курстар әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Онлайн курстар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.

«Пандемия жағдайында мұғалімдердің рөлі, қоғамдағы орны мен еңбегі одан әрі айқындала түсті. Цифрландыру заманында мұғалімдердің ІТ құзіреттіліктерін арттыру қажет. Курс педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курс бағдарламасы Еуропалық білім қорымен бірлесіп әзірленді. ЕБҚ сарапшысы бейнепедагогика негіздері бойынша сессия өткізіп, бейнематериалдар жасау бойынша өз әдістемесімен бөліседі. Курс білім және ғылым министрлігінің www.edu.kz платформасында орналастырылады. Сондай-ақ Microsoft Kazakhstan, Bilim Media Group және Kundelik оқыту курсы аясында педагогтерге арналған бейнедәрістер әзірледі», – деді ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова.

Қазақстандық мұғалімдер Финляндия мен Оңтүстік Кореяның білім беру процесіне инновациялық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен танысады.

Курста цифрлық білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогтерді сабақты жобалау әдістемелеріне үйретеді.

Сондай-ақ педагогтер ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity сандық бағдарламаларын кәсіби түрде меңгеріп, ұлттық білім дерекқорының ресурстарын пайдалануды үйренеді.

ҚР БҒМ қосымша білім педагогтері үшін де курстар ұйымдастырып, қазіргі таңда 2000-ға жуық педагог біліктілігін арттырды.

Олар үшін жетекші ғалымдардың, оқытушылардың және практик-педагогтердің арнайы мастер-кластары ұйымдастырылды.

«Курстың әрбір қатысушысы өз тәжірибесін басқалардың нәтижелерімен салыстыруға, өзінің атқарған жұмысының бағасын білуге, сондай-ақ әріптестерінің, ғалымдардың, әдіскер-практиктердің кеңестері мен ұсынымдарын тыңдауға мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары педагогтерді жетілдіруге көмектесіп, олардың кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейтеді», –деп атап өтті ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT