Мозамбиктің солтүстігінде жауынгерлер 50 адамды қырып тастады

None
None
КАБУ-ДЕЛГАДУ. ҚазАқпарат – «Ислам мемлекеті» террористік тобына (ҚР-да тыйым салынған) қатысы бар жауынгерлер Мозамбиктің солтүстігіндегі екі ауыл тұрғындарын жаппай қырып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Әл-Жазира» басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, исламшыл-көтерілісшілер құрбандарды Муатиде ауылындағы футбол алаңына апарып өлтірген. Полицияның хабарлауынша, кейінгі үш күнде шабуыл жасаушылар Мозамбиктің солтүстігіндегі газға бай Кабу-Делгаду провинциясында 50-ден астам адамды өлтіріп, мүшелеп тастаған. Күш көрсету әлі де жалғасып жатыр.

Мозамбик полициясының бас қолбасшысы Бернардино Рафаэльдің ақпараты бойынша, «Ислам мемлекетіне» қатысы бар содырлар Миудумбе және Макомия аймағындағы бірнеше ауылға шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды өлтіріп, әйелдер мен балаларды ұрлап, үйлерді өртеген. Кейбір сарапшылар, тәртіпсіздіктің түп-төркіні дінде емес, елдегі кедейлік пен теңсіздікте болуы мүмкін деп есептейді. Олар өздерін «Аш-Шабаб» деп атайтын исламшылардың Сомалиде байланысы жоқ екеніне сенімді.

Тәртіпсіздік салдарынан 2017 жылдан бері 2000-нан аса адам мерт болды, олардың жартысынан көбі – қарапайым тұрғындар.

Өткен айда жарияланған Amnesty International есебі бойынша, Кабу-Делгадудағы шабуылдар гуманитарлық дағдарысқа әкеп соқты. 300 000-нан аса адам қоныс аударуға мәжбүр болды және 712 000 тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Еске сала кетсек, бұл соңғы уақыттағы жихадшылар жасауы мүмкін делінген алғашқы теракт емес. Бұған дейін исламшылар Франция мен Аустрия астанасы Венада сұмдық теракт жасаған болатын.

Автор: Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар