Мойынқұмда жолда бұзылып қалған автобустың 52 жолаушысы құтқарылды

None
None
МОЙЫНҚҰМ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бұзылып, жолда қалып қойған автобустың жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 маусым сағат 15.50-де 112 нөміріне бір жолаушы хабарласып, Мойынқұм ауданы «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 418-шақырымында (Мыңарал ауылынан 8 шақырым жерде) автобус бұзылғанын айтқан. «Setra» автобусы «Шымкент-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша келе жатқан. Жүргізуші - Шымкент қаласының тұрғыны. Жолаушылар автобусының алдыңғы 2 дөңгелегі тесілген.

Автобус салонында 52 жолаушы болған, оның екеуі - бала. Барлығы - Қазақстан Республикасының азаматтары. Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға орнына «Шығанақ» шұғыл әрекет ету бригадасы, Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 7 қызметкер, 3 техника жіберілді. Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқиға орнына ауыз су жеткізді. ЖПҚ қызметкерлері 27 жолаушыны Нұр-Сұлтан қаласына жолай бара жатқан көліктерге салып жіберген. Ал, «Шығанақ» шұғыл әрекет ету бригадасы автобус жолаушыларына медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ» делінген ведомство хабарламасында.

Автобус қосалқы шина жеткізілгеннен кейін, сағат 19.50-де қалған 25 жолаушымен жолға аттанды.


Соңғы жаңалықтар