+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Мойынқұмда терең шұңқырға құлап кеткен ер адам құтқарылды

2020 жылғы 18 қараша 16:33
Бөлісіңіз:
Мойынқұмда терең шұңқырға құлап кеткен ер адам құтқарылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының өрт сөндіруші-құтқарушылары шұңқырға құлаған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола: Полицейлер жанып жатқан үйдегі адамдарды құтқарып қалды

18 қараша 10 сағат 41 минутта Жамбыл облысы ТЖД «112» нөміріне Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Аманкелді көшесіндегі «Талас» сауда үйінің артында қазылған терең шұңқырға ер адамның құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға орнына азаматтық қорғау органының 3 адам жедел жетіп, терең шұңқыр ішінен зардап шегуші 1964 жылы туған ер адамды шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған» делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта зардап шегуші жамбас сүйегінің сыну диагнозымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT