+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады

2021 жылғы 17 ақпан 11:05
Бөлісіңіз:
Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңартылған кредиттік пікірге сәйкес, әлемдегі және аймақтағы экономикалық жағдайдың белгісіздігіне қарамастан, Қазақстан рейтингі Baa3 «Оң» болжамды пандемияға дейінгі көрсеткіштеріне сәйкес келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда Baa3 рейтингінің «Оң» болжамы Қазақстанға 2019 жылдың тамыз айында берілді.

Baa3 мәртебесін сақтауға және кредиттік рейтинг бойынша оң болжам жасауға мүмкіндік берген факторлар мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, едәуір фискалдық резервтер, экономика және халық табысының өсімінің жоғары әлеуеті, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларды қалыптастырудағы және фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі икемділігі пен тиімділігі болды.

Moody's өндіруші және өңдеуші секторларда экономика өсімінің жоғары әлеуетін оң бағалап, 2020 жылы нақты сектор өсімінің оң қарқынын атап өтті.

Бұл факторлар пандемияның таралуына байланысты экономикалық күйзелістерге қарсы айтарлықтай әсер етті.

Аталған динамиканы ескере отырып, Moody's Қазақстан экономикасының кредиттік рейтингінің жоғарылау ықтималдығын атап өтеді. Сондай-ақ Қазақстанның кредиттік рейтингін арттыру үшін әлеуетті қалыптастыратын факторлар — институционалдық ортаны одан әрі реформалауға әзірлік, экономиканы одан әрі әртараптандыру, банк секторының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар.

Бұған дейін, 15 ақпанда АКРА (РФ) Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі болжамды «терістен» «тұрақтыға» жақсарта отырып, Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингілерін растады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT