Монсеньор Халед Акаше: Дін көшбасшыларының VII съезін асыға күтеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысында Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің ислам жөніндегі бюро басшысы Монсеньор Халед Акаше Қазақстанның діни диалог орнатуға қосқан үлесін еекше бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шын мәнінде әр адам – құдіретті және жомарт жаратушымыздың шексіз байлығы мен ерекше жомарттығының куәсі. Біз осы ортаға қайта келіп, кездесудің сәті түскеніне қуаныштымыз. Бірақ, әрине, құзыретті органдардың барлық қажетті ұсыныстарын орындап отырмыз. Жоғары мәртебелі Мәулен Әшімбаев мырзаға ізгі тілегімді білдіргім келеді», - деген дін өкілі өз дұғаларын пандемиядан зардап шеккендердің бәріне бағыштайтынын айтты.

«Пандемия адамзатқа, мемлекеттерге, діни қауымдастықтарға, баршамызға денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік келісім немесе ынтымақтастық сияқты өміріміздің көптеген салаларындағы шектеулер мен кемшіліктер туралы білуге мүмкіндік берді. Дін көшбасшылары мен олардың артында тұрған қауымдастықтар пандемиядан зардап шеккендерге тілектестік білдіреді», - деді Монсеньор Халед Акаше.

Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің ислам жөніндегі бюро басшысы осындай күрделі кезеңде дәстүрлі съездің өтуіне күш сала білген Қазақстан басшылығына алғысын айтты.

«Біз VII съезді асыға және үмітпен күтеміз, жоғары мәртебелі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға съезге бастамашылық жасағаны және батыл қолдау көрсеткені үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Қазіргі Президент, жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы хатшылықты басқарып, өзінің даналығы мен дарынын дінаралық және мәдениетаралық үнқатысудың игі ісіне жұмсады», - деді дін өкілі.


Соңғы жаңалықтар