Монополистер Алматыдағы тұтынушыларға 29 млрд теңгені қайтарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Монополистердің тариф сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерін тексеру кезінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тариф сметалары мен инвестициялық бағдарламаларды орындамаған және есептерді ұсынбаған 20 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 34 млн теңге айыппұл салынды.

Тұтынушыларға қайтарылатын жалпы сома 29 млрд теңге. Оның ішінде:

- магистраль құбыр жүйелері арқылы мұнай айдау саласында - 28,9 млрд теңге;

- кірме жолдар саласында - 15,04 млн теңге;

- сумен жабдықтау саласында - 18,96 млн теңге;

- ағын суларды бұру саласында - 8,35 млн теңге;

- электр қуатын беру саласында - 4,81 млн теңге;

- жылумен жабдықтау саласында - 11,97 млн.теңге;

-магистральдық және газ тарату құбырлары арқылы газ тасымалдау саласында - 32,81 млн теңге.

Сондай-ақ, бүгінгі күні бірқатар табиғи монополия субъектісіне қатысты олардың тариф сметаларын, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны және есеп бермегені үшін тиісті шаралар қабылдануда.


Соңғы жаңалықтар