Моңғолияда жемқорлықпен күрес жылы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга «Жемқорлыққа қарсы күрес және жемқорлық куәгерлері мен мәлімдеушілерін қорғау жылын жариялау туралы» жарлық шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат МОНЦАМЭ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Президент әкімшілігінің басшысы З.Энхболд осы жарлықтың көшірмесін Жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Г.Баасанға табыстады.

З.Энхболд құжатты табыстай отырып, елдегі жемқорлық пен билікті асыра пайдаланудың ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіргенін еске салды. Президент Х.Баттулга осыған байланысты аталмыш жарлықты шығарған. 

Фото: montsame.mn

Соңғы жаңалықтар