Моңғолияда көшпелі қазақтардың қыстауын видеоға түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер әрі фотограф Джоел Сантос Моңғолиядағы көшпелі қазақтардың мал жайылымына ыңғайлы жайлаулары мен қыстауларын видеоға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Моңғолияның батыс бөлігінде, Алтай тауларының бөктеріндегі қазақтар көшпелі өмір салтын ұстанады. Олар мал жайылымына ыңғайлы жерді табу үшін жылына 2-3 рет көшеді. Қазақтар ата-бабаларының ізін жалғап, мал шаруашылығымен айналысады. Режиссер әрі фотограф Джоел Сантос Сайлаудың отбасымен бірге бір апта тұрған. Джоел Сантос олардың өмірі мен тұрмысын, сондай-ақ қыстауды жоспарлаған қазақтардың қыркүйектегі көшуін видеоға түсірген. Отбасылар екіге бөлінген. Сайлаудың ағасы жылқыларды, қойлар мен қодастарды айдаған. Отбасының қалған бөлігі киіз үй мен заттарды ертесіне түйеге арту үшін қалған.

Көшпелілер Алтай тауының көз тартарлық жерлерімен күніне 25-35 шақырым жол жүрсе, жайлаудан қыстауға дейінгі жалпы қашықтық 150 шақырымды құраған. Қазақтар межелі орынға 4-5 күннен кейін жетіп, отбасылар қайта табысады. Олар мұнда 2-3 ай болып, жиналып, көшпелі өмірді жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар