Моңғолияда Қазақ киносының күндері өтеді

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметі жанындағы Мәдениет және өнер басқармасының бастығы Ц.Нацагдолгормен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Ц.Нацагдолгорға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі аспектілері туралы мағлұмат берді және Жолдаудың ағылшын тіліндегі мәтінін табыстады.

«Сонымен қатар, Елші мәдени-гуманитарлық саладағы бірқатар іс-шараларды, атап айтқанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған кешті ұйымдастыру, сондай-ақ Ұланбатыр, Ховд және Өлгий қалаларында «Қазақ киносының күндерін» өткізу жөніндегі жоспарлар туралы айтып өтті.

Тараптар мәдениет саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мақсатында бірлескен шығармашылық қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар