Моңғолияда алғаш рет COVID-19-дан өлген жануарлар тіркелді

None
None
ҰЛАН-БАТЫР. Синьхуа – ҚазАқпарат – Моңғолияда зертханалық сынақ нәтижесі көрсеткендей, екі құндыз COVID-19-дан өлген, деп хабарлады сәрсенбі күні елдің Бас ветеринарлық қызметі басқармасы. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Елімізде өткен айда екі құндыз жұмбақ жағдайда өлді, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олар COVID-19 жұқтырған», - деп телефон арқылы хабарлады « Синьхуа»-ға агенттік эксперті Адиясурен Тувшинбаяр.

Бұл COVID-19-дан малдың қырылған алғашқы жағдайы.

Моңғолияның Ұлттық зоонозды аурулар орталығының мәліметінше, осы орталықтағы тағы жеті құндыздың COVID-19-ға алынған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, екі үй мысығынан да коронавирус індеті табылған.


Соңғы жаңалықтар