+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Моңғолия Президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

2020 жылғы 22 наурыз 21:01
Бөлісіңіз:
Моңғолия Президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия Президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарақалпақстанда Көрісу күні тойланды

«Қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Көктем айының шуағын ала келетін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлағалы отырған қазақ халқына арнайы үндеуім:

Біз сіздерді ағайын-туыстарыңызбен аман-есен қауышып, ақсақал қарияларды құрметтеп құттықтағанда, озық технологияларды қолдана отырып, қауіп қатерден сақтану үшін электронды сәлемдесу және қашықтықтан сәлемдесу түрлерін қолдануды сұраймын.

Дүниежүзінде кеңінен тарап жатқан тәж вирустың індетінен ақсақал қарияларымызды сақтау сіз бен біздің ең басты міндетіміз сондықтан тойдың күндерінде де қауіпсіздік шараларын жалғастырып, ұйымдастыруға шақырамын.

Наурыз мейрамы береке-бірліктің белгісі болған қарттарымызға қуаныш сыйлайтын, ғасырлар бойы жалғасқан ауырлығы аз, арақ шараптан алыс ерекше мереке болғандықтан қарттарымызды барлығымыз қауіп-қатерден сақтағанымыз жөн.

Күн нұрын да төгіп, күлімдеп тыныштықта келе жатыр.

Отанымыз тыныш, еліміз аман болса әлі талай-талай Наурыз мейрамын бірге тойлаймыз. Барша қазақ халқы сіздерді Наурыз мерекелеріңізбен құттықтай келе барлық жақсылықты тілеймін»,-делінген Моңғолия Президентінің ресми сайтында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT