Моңғол қызы «Әлемнің кішкентай аруы - 2018» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-16 сәуірде Грузияның Батуми қаласында «Әлемнің кішкентай аруы - 2018» халықаралық конкурсы өтті. Жарысқа 80-нен астам елдің бүлдіршін қыздары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Байқауда Моңғолияның намысын М.Ану қорғап, «Әлемнің кішкентай аруы - 2018» бас титулын жеңіп алды.

Қатысушылар 4 кезеңнен өтуі тиіс болған: ұлттық тағам мен киімді көрсету, сән көрсетілімінен өту, кешкі көйлекпен салтанатты түрде жүріп өту, шығармашылық нөмір көрсету.

М.Ану «Саруул тал» («Кең дала») халық әнін шырқап, қазылар алқасынан жоғары баға алды.

М.Ану Ұланбатырдағы №21 орта мектептің 4-сынып оқушысы. Бұдан бұрын ол 2016 жылдың тамызында Шанхайда өткен халықаралық сән байқауына қатысқан. Ану ән айтқанды жақсы көреді және өзінің алғашқы альбомын шығармақшы. 

Соңғы жаңалықтар