МОНЦАМЭ агенттігі ҚазАқпаратты 100 жылдық меретоймен құттықтады

None
None
ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат – Моңғолияның «МОНЦАМЭ» агенттігі ҚазАқпаратты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«1920 жылы негізі қаланған уақыттан бері «ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасындағы БАҚ жүйесінде өте құрметті орынға ие болды. «ҚазАқпарат» саясат, бизнестен бастап мәдениет, спорт және басқа да тақырыптағы ауқымды мәселелерді жариялап, шетелдік оқырмандарын да ақпаратпен қамтамасыз етеді.

МОНЦАМЭ үшін «ҚазАқпаратпен» сенімді серіктес болу үлкен құрмет. Біздің әріптестігіміз екі ел арасындағы достық пен жан-жақты әріптестікті дамытуға лайықты үлес қосып жатыр деп мақтанышпен айта аламыз», - делінген МОНЦАМЭ агенттігінің құттықтауында.



Соңғы жаңалықтар